Автотұрақтағы көліктен телефон ұрлаған қарақшы қолға түсті – ШҚО

24 Наурыз 2021, 02:53
1470
Бөлісу:
Автотұрақтағы көліктен телефон ұрлаған қарақшы қолға түсті – ШҚО

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында автотұрақта тұрған көліктен телефон ұрлаған қарақшы қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз айының басында 22 жастағы жасөспірім «102» жедел каналына Өскемен қалалық полиция бөлімінің Үлбі полиция бөліміне хабарласып, белгісіз біреу оның «Газел» автокөлігінен телефонын  ұрлап кеткенін айтқан.

ПКБ бейнебақылау инспекторының көмегімен патрульдік полиция жасағы бұрын сотталған 42 жастағы тұрғынды жеткізді, ол жауап алу кезінде кінәсін мойындады.

 Іс бойынша заттай дәлелдемелер алынды: ұялы телефон. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бөлігі 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өзгелердің жаңалығы