Автонесие: Келесі лимит алдағы айда қолжетімді болады

6 Ақпан 2023, 15:55
740
Бөлісу:
Автонесие: Келесі лимит алдағы айда қолжетімді болады
Фото: Sebastian Gollnow, РБК, Skoda

Бұл туралы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басшысының орынбасары Жанар Ибрашева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Платформада берілген 761 орын екенін білесіздер. Осы міндетке жеткен уақытта өтінімдерді қабылдау автоматты түрде тоқтатылды. Сол кезде платформада 1060 деген код пайда болды. Ол лимит тоқтатылды дегенді білдіреді, – деді ол.

Платформа іске қосылғаннан бастап сайтқа 1 миллионнан артық пайдаланушы кіргенімен 18 секундта 761 қазақстандық қана өз өтінімдерін тіркеген болатын. Алайда спикер келесі айда бақ сынап көруге кеңес берді.

Бағдарлама ұзақ мерзімде екенін атап өткім келеді. Келесі лимит алдағы айда қолжетімді болады. Бүгін әртүрлі себептермен кейбір азаматтар үлгермеген болса, келесі айларда тіркеуді жоспарлауға болады, – деді ол.

Алайда наурыздағы тіркеу қашан болатыны әлі белгісіз. Ал өтінімі тіркелетін адам саны жиналған қаржы көлеміне байланысты шамамен 100 адам деп жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы