Автокөлікпен мұз астына түсіп кеткен 4 адамның денесі табылды

9 Желтоқсан 2020, 11:53
1581
Бөлісу:
Автокөлікпен мұз астына түсіп кеткен 4 адамның денесі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында автокөлікпен мұз астына түсіп кеткен 4 адамның денесі табылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

8 желтоқсанда Қызылорда облысының Арал ауданында Қамыстыбас ауылынан 35 шақырым жерде Қамбаш көлінде «УАЗ» маркалы автокөлік мұз астына түсіп кеткен. Автокөлік салонында 7 адам болған. Оның 3-еуі көліктен өздері шығып үлгерген. Құтқарушылар суға батып кеткен 1985, 1981, 1994, 1973 жылы туған 4 адамды іздестірді. Бірақ түнгі уақытта іздестіру жұмыстары тоқтатылды, - делінген хабарламада.
9 желтоқсанда таңертең іздеу жұмыстары жалғастырылды.

7 метр тереңдікте (мұздың қалыңдығы 25 см) УАЗ автокөлігі табылған. Автокөліктің ішінде қайтыс болған адамдардың денелері болған. Сағат 10:05-те құтқарушылар 4 адамның мәйітін полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Іздестіру жұмыстарына Қызылорда облысы ТЖ департаментінің, Полиция департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары және туыстары (27 адам, 7 бірлік техника) жұмылдырылды.​

Өзгелердің жаңалығы