Автокөлік жүргізушілеріне алыс сапарға шықпау туралы ескертілді

23 Наурыз 2022, 13:21
1626
Бөлісу:
Автокөлік жүргізушілеріне алыс сапарға шықпау туралы ескертілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жол автокөлік жүргізушілері уақытша ұзақ сапарға шықпағандары абзал. «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ баспасөз қызметі осылай деп хабарлады. 

Елімізде ауа райы әлі де қолайсыз. Қазір 4 өңірде: ШҚО, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында республикалық маңызы бар бірқатар жол жабық.

Тұрғындарды алыс жолға шықпауға шақырамыз. Ауа райы болжамын жіті қадағалап отыру керек. Ал егер автокөлік иегері қар құрсауында қалып қойып жатса, онда тәулік бойы жұмыс жасайтын 1403 нөміріне хабарласу қажет екенін еске саламыз, - делінген хабарламада. 

Алдағы күндері де жол қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп, автожолдардағы ахуалды қалағалайды.

Өзгелердің жаңалығы