Елордада 4 автобустың қозғалысы шектеледі

25 Шілде 2019, 12:20
1716
Бөлісу:
Елордада 4 автобустың қозғалысы шектеледі
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты тамыздың 1-і мен 10-ы аралығында елордада бірнеше автобустың қозғалысы шектеледі. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тамыздың 1-і мен 10-ы аралығында Керей-Жәнібек хандар көшесіндегі Мәңгілік Ел даңғылынан бастап Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысы шектеледі. Сондай-ақ, 4 қалалық маршруттың қозғалыс схемасы уақытша өзгертіледі.

"Жұмыстарды жүргізу кезіндегі өзгерістер № 18, 28, 52, 54 автобус маршруттарының қозғалыс схемасына қатысты болады. Құрылыс-монтаж жұмыстарын Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласының ЖП әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп "Астана қаласындағы №1 жоспарлау ауданының инженерлік желілері мен жолдары (№19 көшенің оңтүстігіне қарай)" жобасын іске асыру аясында жүргізеді", - делінген әкімдіктің хабарламасында.  

0ffa8dde99c10796adc4c3070e7ced44.jpg

Жолда кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтарына өз маршруттарын алдын ала жоспарлауға кеңес береміз.

Өзгелердің жаңалығы