Алматыда автобус жүргізушілерін тексеру күшейтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы қаланың Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының редакцияға берген жауабында айтылған.
Басқарма мәліметінше, Қазақстанда қоғамдық көлік маршруттарына қызмет көрсететін тасымалдаушылар жүргізушілерді іріктеу талаптарын күшейтілген.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, маршруттарға қызмет көрсететін тасымалдаушылар конкурстық негізде анықталады. Конкурс барысында компаниялар құжаттар топтамасын, соның ішінде жүргізушілердің тиісті санаттағы көлік құралдарын басқару құқығын растайтын құжаттарды ұсынады.
Алайда жүргізушілердің наркологиялық немесе психиатриялық есепте тұру-тұрмауын тексеру тасымалдаушылардың өз жауапкершілігінде. Бұл еңбек шарты аясында жүзеге асырылады.
Жүргізушілер шеттетілген
Тасымалдаушылардың мәліметінше, анықталған фактілерден кейін бірқатар жүргізуші автобус басқарудан шеттетілген. Басқарма қанша қызметкер шеттетілгенін нақтыламады. Сондай-ақ жұмысқа қабылдау кезінде бақылау күшейтіліп, тексеру шаралары қатаңдатылған.
Тағы оқи отырыңыз: 100 жолаушының 40-ы "қоян": Автобусқа мінген бойда төлем жасамағандар жазаланады