Автобус жүргізу құқығынсыз жолаушы тасымалдаған жүргізушілер анықталды

9 Тамыз 2022, 11:30
1067
Бөлісу:
Автобус жүргізу құқығынсыз жолаушы тасымалдаған жүргізушілер анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қауіпсіз жол» профилактикалық айлығы барысында Алматы қаласының әкімшілік полициясы жолаушылар тасымалымен айналысуға құқығы жоқ тағы екі қоғамдық көлік жүргізушісінің ұсталғанын хабарлады.

Бұл құқық бұзушыларды Түрксіб және Жетісу аудандық Полиция басқармалары әкімшілік тәжірибе бөлімшелерінің қызметкерлері анықтап, жолаушылар тасымалынан шығарған.

Құжаттарды тексеру барысында жүргізуші куәліктерінде қоғамдық көлікті басқаруға рұқсат беретін санат болмаған. Бұл әрекеттер адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін бақылаусыздық, іс жүзінде немқұрайлылық танытқан жүргізушілердің де, автокәсіпорын басшыларының да кінәсі деп бағаланады. Тәртіп бұзушыларға шара қолданылды, – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Сейітқұлов. 

Сондай-ақ ол іс-шара жүргізілген күндерде жолдарды, сонымен қатар жол құрылыстарындағы кемшіліктерді жою туралы 55 ұйғарым шығарылғанын хабарлады. 

Жолдардың қанағаттанарлықсыз жай-күйі үшін бес лауазымды тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабы, ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабы мен ҚР ӘҚБтК-нің 632-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ апаттық жағдай аймақтарында 233 жол белгісі орнатылғаны хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы