Аvtobуs қосымшасы арқылы автобустың орналасқан жерін көруге болады

3 Қаңтар 2024, 21:02
722
Бөлісу:
Аvtobуs қосымшасы арқылы автобустың орналасқан жерін көруге болады
Фото: Артём Чурсинов - Архив

Елорданың қоғамдық көлігінде электронды жол ақысын төлеу және диспетчерлеудің жаңа жүйесін енгізу аясында, автобустардың қозғалысы мен нақты орналасқан жері туралы ақпаратты Аvtobуs мобильді қосымшасында көруге болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мобильды қосымша App Store, Google Play, AppGallery жүктеп алуға қолжетімді.

Айта кету керек, қазіргі уақытта жаңа жүйеге көшуге байланысты интеграциялық жұмыстар жүргізілуде. Сондықтан, аялдамалардағы ақпараттық таблоларда автобустардың келу уақыты уақытша қолжетімсіз. Бұл мәселе 2024 жылдың қаңтар айының соңына дейін шешіледі, - деді «City Transportation Systems» ЖШС.

Өзгелердің жаңалығы