Алматыдағы автобус аялдамаларының бірі «Қазақ радиосы» деп аталды

24 Қыркүйек 2019, 19:41
2770
Бөлісу:
Алматыдағы автобус аялдамаларының бірі «Қазақ радиосы» деп аталды
Серіктестік материал

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы автобус аялдамаларының бірі енді «Қазақ радиосы» деп аталады.

Автобус аялдамасы қазақ телевизиясының қара шаңырағы орналасқан Желтоқсан көшесі, 175 үй іргесінде. Аталған көшемен жүретін автобустарда жаңа аялдаманың аты екі тілде атала бастады.

Айта кету керек, 2021 жылы Қазақстандағы ең ірі медиа ұжымдардың бірі «Қазақ радиосы» өзінің 100 жылдығын атап өтеді. Мерейлі датаға дайындық қазірден басталып кеткен.

Қазақ радиосы мен қазақ телевизиясы орналасқан ғимарат маңындағы аялдамаға радионың атын беру бастамсын Алматы қаласының әкімдігі қолдаған. Алдағы уақытта аталған аялдамада тәулік бойы «Қазақ радиосы» тікелей эфирде қосулы болады. Бұл бастаманың қазір техникалық жұмыстары жүргізілуде.

Осылайша, аялдамадағы жолаушылар Қазақ радиосын тыңдап тұруға мүмкіндік алады. Мұндай игі шаралар жыл басында Батыс Қазақстан облысында да басталған. Сырым ауданының орталығы Жымпиты кентіндегі істен шыққан радиоқұрылғылар қайта жөнделіп, көшедегі бағандарға радио құрылғылар орнатылып, эфир таратыла бастады.

Өзгелердің жаңалығы