Австрияда қар көшкіні адамдарды басып қалды

26 Желтоқсан 2022, 13:01
839
Бөлісу:
Австрияда қар көшкіні адамдарды басып қалды

Австрияның Лех-Цюрис курортына жақын жерде қар көшкіні жүріп, 10 туристі басып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Хабар24 жазды. Құтқарушылар олардың 8-ін тапты. Тағы 2 саяхатшы табылмай жатыр. Іздестіру шараларына 100-ден астам құтқарушы жұмылдырылған. Оқиға 3 мың метрдей биіктікте болды. 

Мамандардың айтуынша, қардың көшуіне өңірде күннің күрт жылынуы себеп. Айта кетейік, қыс мезгілінде Австрия тауларында қар көшкіні жиі болады. Жыл сайын табиғи апаттан шамамен 300 адам қаза табады.

Өзгелердің жаңалығы