Австралияда футболшыны акулалар жеп қойды

12 Қаңтар 2020, 13:39
36514
Бөлісу:
Австралияда футболшыны акулалар жеп қойды

Алматы, BAQ.KZ. Америкалық "Гастинг Бронкос" клубында өнер көрсететін неміс футболшысы Эрик Биригитти достарымен Австралияда демалып жүрген жерінде қайтыс болды. 

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Дереккөз таратқан мәлімет бойынша, 21 жастағы футболшы жағадағы жартас арасын аралап жүрген, кенеттен аяғы тайып кетіп суға құлаған. Оны су толқындары бірден теңізге тартып әкеткен. Достары құтқаруға әрекеттенгенімен одан ештеңе шықпаған.

Оқиға орнына полиция мен құтқару қызметі шақырылған. Дегенмен, футболшының денесі тек түнге қарай бірақ табылған. Болжам бойынша, Биригиттиге ашық теңізде акулалар тап беріп, жеп қойған болуы мүмкін. 

Өзгелердің жаңалығы