Австралияда батуттан құлап мерт болған балалардың саны артты

16 Желтоқсан 2021, 19:32
1309
Бөлісу:
Австралияда батуттан құлап мерт болған балалардың саны артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралияның Тасмания штатындағы мектепте үрлемелі батуттан құлап қайтыс болған балалардың саны төртке жетті.

Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Жергілікті полицияның мәліметінше, алтыншы сыныптың төрт оқушысы қайтыс болған. Тағы бес бала ауруханада жатыр, олардың төртеуі ауыр халде.

Өзгелердің жаңалығы