Ауыр қылмыстар бойынша 695 сотқа дейінгі тергеу басталды – Бас прокуратура 

18 Қаңтар 2022, 12:17
1232
Бөлісу:
Ауыр қылмыстар  бойынша  695 сотқа дейінгі тергеу басталды – Бас прокуратура 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі Азамат Сарғазин ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Соттар осы оқиғалармен байланысты барлығы 8354 әкімшілік іс қарады. Соттар мен прокурорлар жеңілдететін мән-жайлар мен кінәлі адамдардың өкінуін ескеріп жатыр. 3337 құқық бұзушыны қамаққа алу немесе айыппұл түріндегі жаза қолданылмай, ескерту ғана жасалды. 1653 іс бойынша сот айыппұл салды. Осы сәтте 1002 адам қамақта. Олардың әкімшілік жазасын жеңілдету мақсатында прокурорлар апеляциялық сотқа 1758 өтініш хат енгізді, - деді ол. 

Сарғазин атағандай, прокурорлардың өтініш хаттары бойынша 676 адам қамақтан босатылды. 

344 адамның айыппұлы ескертуге ауыстырылды. Прокурорлардың жазаны жеңілдетудің және айыппұлды ескертуге бағытталған 738 хат қаралып жатыр. Тағы 358 әкімшілік іс сотқа жіберілмей, тоқтатылды. Осы деректерден көрініп тұрғандай, сот пен қамаққа алынған адамдардың көбі босатылды. Қалған істер бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Ауыр және аса ауыр қылмыстар  бойынша  695 сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның ішінде 44-і терроризм актілері, 15-і кісі өлтіру, 6 іс насихаттау және билікті басып алу бойынша. Күдікті ретінде 780 аам ұсталды. Оның 685-ін сот қамаққа алды, - деді Азамат Сарғазин.

Өзгелердің жаңалығы