Ауыр хәлдегі екі айлық сәби Таиландтан Алматыға шұғыл жеткізілді

Көп сағатқа созылған ұшу барысында баланың жағдайын дәрігерлер үздіксіз бақылап отырған.

 ©BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 14:36
Бүгiн 2026, 14:36
110
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Таиландта ауыр хәлде жатқан екі айлық сәби медициналық авиация бортымен Қазақстанға жеткізілді.

Көп сағатқа созылған ұшу барысында дәрігерлер баланың жағдайын үздіксіз бақылап отырған.

Сәби өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған күйде болған.

11 мамыр күні Пхукеттен Алматыға медициналық авиация бортымен екі айлық бала тасымалданды, – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Сәбиге тұрақты түрде оттегі қажет болғандықтан, тасымалдау арнайы көлік кювезінде жүргізілді. Ұшу кезінде баланың жағдайын елдің жетекші неонатологтары бақылаған. Олардың қатарында дәрігер Жасұлан Жұмағұлов, фельдшер Болат Шәріпов және неонатология департаментінің басшысы Асхат Қуанышбаев болды.

Алматыға жеткізілгеннен кейін сәби әрі қарай мамандандырылған ем алу үшін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жатқызылды.

Наверх