Ауыр дертті жеңген балалалар халықаралық жарысқа қатысты

10 Шілде 2019, 15:03
1314
Бөлісу:
Ауыр дертті жеңген балалалар халықаралық жарысқа қатысты

Нұр-Сұлтан, Baq.kz тілшісі. Ауыр дертті жеңген балалалар Мәскеуде өткен жарыста жүлделі орынға ие болды.

Халықаралық балалар ойындары 3-8 шілде аралығында Мәскеу қаласында өтті. Бұл ойын – онкологиялық ауыр дертке шалдыққан балаларға арналған спорттық жарыс болып саналады. Шара 2010 жылдан бері Ресейдің астанасында ұйымдастырылып келеді. Биылғы  сайысқа әлемнің 20-дан астам елінен 3 мыңнан астам бала қатысты. Ал Қазақстан намысын 17 бала қорғады. Оның бесеуі Samruk-Kazyna Trust қорының «Жас таланттар» жобасы аясында жол жүру грантын ұтып алды.

Грант иегерлерінің арасында – Степногорск тұрғыны Александр Заболотний бар. Осы жылы ол аталған қаладағы №6 мектеп-гимназиясының 7-ші сыныбына барады.

«Бұл ойын  маған өте ұнады. Қазақстаннан басқа жарысқа Қырғызстан, Үндістан, Германия, Венгрия, Украина және басқа да мемлекеттердің балалары қатысты. Мен жүгіру, ату, шахмат, футбол сияқты спорт түрлеріне қатыстым. Бұл менің екінші ойыным», - дейді ол.
Сонымен қатар қатар халықаралық жарыста жүлделі орындарға ие болған балалар тізімі:
1. Бердібай Бисұлтан – шахмат, 3 орын; футбол, 2 орын; жүгіру, 1 орын;
2. Баялиева Асел – шахмат, 3 орын;
3. Байсакова Аянат – футбол, 3 орын; жүзу, 1 орын;
4. Лепшеева Юлия - футбол, 3 орын;
5. Заболотний Александр - футбол, 1 орын;
6. Королев Александр - футбол, 1 орын; ату, 3 орын;
7. Шигов Роман - футбол, 3 орын;
8. Сарбаев Адиль - футбол, 1 орын;
9. Пузиков Кирилл - футбол, 1 орын;
10. Жумабай Жансила - футбол, 1 орын;
11. Клинкович Полина –жүзу,1 орын; жүру, 1 орын; теннис, 3 орын.

Айта кетейік, халықаралық бұл ойындарға ауыр дертті жеңіп, емін аяқтаған 7 жастан 16 жасқа дейінгі балалар қатысады. Барлық қатысушылар спорттың 6 түрінен жарысады: жеңіл атлетика, жүзу, үстел теннисі, ату, шахмат, футбол.
Өзгелердің жаңалығы