«Ауылдың» да ниеті ізгі – Зейін Әліпбек

22 Қазан 2020, 00:47
2394
Бөлісу:
«Ауылдың» да ниеті ізгі – Зейін Әліпбек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «BAQ KASIPODAQ» салалық кәсіподағының» басшысы, белгілі журналист Зейін Әліпбек «Ауыл» партиясының мүшесі болды. Бұл туралы журналист өзінің facebook-тегі парақшасында жазды.

Менің «Ауыл» партиясына кіргенім көп адамды таңырқатыпты... Таңданатын түгі де жоқ. «Ауылдың» да ниеті – ізгі. Бағдарламасын оқысаң бұл партия да елге болсын дейді. Бұл – бір, - деп атап өтті ол.
Сонымен қатар, журналист ауылдың әлі де қолдауға мұқтаж екенін айтты.
Екіншіден, қазір ауыл шынында көмекке өте зәру. Ауылда не көп – жоқ көп. Жұмыс жоқ, жол жоқ, су жоқ, интернет жоқ, мектеп жоқ, аурухана жоқ. Осылай тізіліп кете береді. Шешімін күткен мәселесі шаш-етектен. Үшіншіден, өзге партиялардың менсіз де қолдаушылары жыртылып-айырылады. Парламенттен де орын алған, - деді журналист.
Зейін Әліпбек алдағы сайлауда «Ауыл» партиясына болысамын деп шешім қабылдапты. 
Орын демекші, Қазақстан халқының 40 проценті ауылда тұрып, сол ауылдықтардың мәселесін шешуге ұмтылған «Ауыл» партиясының Парламентке кіре алмай келгенін еш түсінбей-ақ қойдым. Логикаға сүйенетін болсақ, Мәжілістің жартысына жуығы «Ауыл» партиясының мүшелері болуы тиіс емес пе? Өз басым осы күнге дейін бірде-бір партиямен жұмыстас болмаппын. Олар да мені іздемепті. Мен де оларға ұмтылмаппын. Ойлана келе «Ауылға» болысамын деп шештім, - деп жазды «BAQ KASIPODAQ» салалық кәсіподағының» басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.


Өзгелердің жаңалығы