Ауылдардағы әлеуметтік мәселелерді кешенді түрде шешуге тиіспіз – Нұржан Нұржігітов

4 Желтоқсан 2022, 10:40
1064
Бөлісу:
Ауылдардағы әлеуметтік мәселелерді кешенді түрде шешуге тиіспіз – Нұржан Нұржігітов
PHOTO

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте облыс тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жөніндегі жобаның орындалу барысы қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі мен алдағы жоспарлар туралы баяндады. Ол жобаның ауқымын кеңейту бағытында ауылдықтарға берілетін шағын несиелер беру бойынша қабылданып жатқан шаралаға жан-жақты тоқталды.

Айта кетейік, бұған дейін жоба аясында 11 ауылдық округ, кейіннен қайтарым қаражат есебінен қосымша 3 ауыл қамтылған болатынн

Ол елді мекендерде кооперативтер құрылып, тұрғындардың өтінімдері бойынша жеңілдетілген несиелер беріліп, үй іргесіндегі жерлерді тиімді игеру, мал басын арттыру, шағын жобаларды жүзеге асыру шаралары қолға алынған.

Ауылдардағы әлеуметтік мәселелерді кешенді түрде шешуге тиіспіз – Нұржан Нұржігітов

Ендігі кезекте облысымыздағы 10 ауданның тағы 10 ауылдық округінде аталған жобаның бес бағытына сәйкес жұмыстар басталуда. Ол үшін үкіметтен тиісті қаржы да қаралған.

Жиында аймақ басшысы жобаның маңыздылығын айрықша атап өтіп, жұмысы сылбыр жүріп жатқан кейбір округтерді сынға алып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Тұрғындардың тұрмысын тіктеуге негізделген жобаға енген елді мекендердегі әлеуметтік мәселелердің де кешенді түрде шешілуіне баса назар аудартты. Бұл тұрғыдағы жұмыстар жемісті әрі уақытылы жүзеге асуы тиіс екенін ескертті.

Мемлекет басшысы қолдау білдірген жоба аясында 2025 жылға дейін облыстың барлық ауылдық округі қамтылады деп жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы