Ауылдарда бала туу деңгейі қалаға қарағанда жоғары - Ажар Ғиният

10 Қазан 2022, 11:03
1080
Бөлісу:
Ауылдарда бала туу деңгейі қалаға қарағанда жоғары - Ажар Ғиният

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжілісте өткен Үкімет сағатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

2021 жылы ауылдарда туу деңгейі қалаға қарағанда жоғары болды. Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша республикалық көрсеткіштен 5 %-ға жоғары, яғни 1000 тұрғынға шаққанда 19,9, ауылда – 20,9-ға тең болды. Былтырмен салыстырғанда, жалпы өлім көрсеткішінің 14 %-ға төмендеуі байқалады. Ауылдағы ана өлімі ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша қалаға қарағанда 2 есе төмен, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Айтуынша, биыл нәресте өлімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ауылдық жерде 30,6%-ға ұлғаюы байқалады.

Бұл ретте, ауылда бала өлімі қаламен салыстырғанда 38,7%-ға төмен. Нәресте өлімі әйелдердің денсаулығына тікелей байланысты. Әйелдердің денсаулығын сақтау және балалардың денсаулығын нығайту үшін жүкті әйелдерді жеке және дисциплинааралық босанғанға дейінгі бақылаумен қамту ұлғайды, көрсеткіш 82%-ды құрады, жүктілікті ерте анықтау коэффициенті 10 аптаға дейін 11 %-ға өсіп, 40 %-ға жетті. Бұл жүктіліктің ықтимал асқынуларын уақтылы анықтауға және болжауға мүмкіндік берді, - деді министр. 

Өзгелердің жаңалығы