Ауыл тұрғындарының қойын ұрлаған ұры қолға түсті

30 Тамыз 2020, 04:44
1506
Бөлісу:
Ауыл тұрғындарының қойын ұрлаған ұры қолға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында ауыл тұрғындарының қойын ұрлаған ұры қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Мал ұрлығы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Төрт түлік мал көбіне қараусыз жайылатын жерлерден кешкі уақытта ұрланады.

Малшылармен келісімшарттық қатынастардың болмауы «еркін жайылу» практикасын қалыптастырады және малдың кедергісіз ұрлануына немесе жоғалуына ықпал етеді.

Бұған қоса, тұрғындар малының ұрланғандығы туралы полиция органдарына кеш хабарлайды. Мал иелері өздерінің малдарын жоғалғанын байқаса да полицияға хабарын бермей, көмегіне жүгінбей өз бетінше іздейді, қылмыс орын алған сәттен арада біраз уақыт өтіп, ұрланған мал мен оған қатысты тұлғаларды іздестіруді жеңілдететін маңызды айғақтар мен іздер жоғалады. Осылайша, мал ұрлығы қылмысын жедел түрде ашуға мүмкіндік болмайды.

Облыс аумағында мал ұрлығы санатындағы қылмыстардың алдын алу, болдырмау мақсатында Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлерімен нәтижелі жұмыстар жасалуда.

Бүгінгі таңда еліміздің барлық аумағында кең етек алып отырған мал ұрлығы қылмыстарының тіркелуі облысымызда былтырғы жылмен салыстырғанда 37,4 пайызға яғни 230-дан 144-ке төмендеді. Мысал келтірер болсақ, Жалағаш ауданының тұрғыны Ақсу ауылының сыртында жайылымнан 2 бас қойының ұрланғандығы жөнінде полицияға шағым түсірді. Ауыл тұрғынына келтірілген шығын көлемі 100 мыңдай.

Көп ұзатпай ұры қолға түсті. Полицейлер тексеру барысында күдікті азаматтың жайылымдағы қойларды «Лада» маркалы автокөлігімен ұрлағандығын анықтады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 1-бөлігімен (Мал ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.



Өзгелердің жаңалығы