Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағытталған жобалар басым түрде қолдауға ие болады – Смайылов

1 Наурыз 2022, 09:38
1196
Бөлісу:
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағытталған жобалар басым түрде қолдауға ие болады – Смайылов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Бағалардың өсуіне жол бермеу үшін Үкімет Ұлттық банкпен және «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, инфляцияны бақылау және төмендету бойынша жаңа шаралар кешенін қабылдады және іске асыруда. Осы жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасын қаржыландыру, оның ішінде субсидиялау мен кредиттерге кепілдік беру ұлғайтылады. Бизнеске шамадан тыс әкімшілік жүктемені жою көзделіп отыр. Мемлекеттік органдардың реттеушілік актілері қайта қаралады, - деді Үкімет басшысы.

Ол ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы шараларға тоқталды.

Биыл «Ауыл – ел бесігі» өңірлерді дамытудың кешенді жоспарлары және басқа да бағдарламалар аясында республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлінеді, - деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы Отандық өнеркәсіпті дамыту үшін инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы импорттық тауарларды алмастырудың маңызы ерекше екенін айтты.

Бұл орайда мемлекеттен қолдау алған кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын өсіруге міндеттеме алады. Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру үшін  субсидиялау жүйесінің жаңа тәсілдері әзірленіп жатыр. Қосымша ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу арқылы ауыл шаруашылығы кооперациялары мен отбасылық шаруашылықтарды дамытуға жағдай жасалады, - деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов бірінші кезекте ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағытталған жобалар басым түрде қолдауға ие болатынын айтты.

 Осы және басқа да шаралар биылғы жылы қабылданады. Оларды іске асыру үшін Үкімет барлық күш-жігерін жұмсайды деп сендіремін, - деді Үкімет басышысы.

Өзгелердің жаңалығы