«Ауыл» партиясының төрағасы: Сөрелерде өнімдер емес, тек бағалар өсіп жатыр

4 Ақпан 2023, 12:30
2341
Бөлісу:
«Ауыл» партиясының төрағасы: Сөрелерде өнімдер емес, тек бағалар өсіп жатыр
Фото: автордан

Бұл туралы «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы Әли Бектаев партияның кезектен тыс ХХІІ съезінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сондай-ақ партиялықтар Парламент Мәжілісінің сайлауына дайынбыз деп отыр. 

Елдің барлық аймақтарынан келген партия мүшелерінің – сайлауға қатысу және сайлау науқанында аграршылар атынан кім қатысатынан белгілеу сынды съездің негізгі мәселелерін талқыға салды. 

Партия төрағасының айтуынша, ауыл – әрбір азаматтың алтын бесігі. 

Біз ауылдың мүддесін, еліміздің кем дегенде жартысының мүддесін қорғаймыз. Сондықтан, «Ауыл» партиясы Парламент сайлауына Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделген бағдарламасымен қатысатынын мәлімдейді, - деді Әли Бектаев.  

«Ауыл» партиясы төрағасы сөрелерде өнімдердің емес, тек бағалар өсетінін алға тартты. Елде биліктің барлық деңгейлерінде ауыл және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды қамтамасыз ету қажет. 

«Ауыл» партиясының қатарында еліміздің көптеген патриоттары, лайықты азаматтар бар. Бүгінгі съезде біз ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекіттік және бір мандатты сайлау округтері бойынша кандидатураларды ұсындық,- деді Әли Әбдікәрімұлы.

Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін жасау кезінде барлық заңнамалық талаптар сақталғаны белгілі болды.

Жергілікті жерлердегі уәкілетті органдарда (мәслихаттардағы) «Ауыл» партиясы өкілдерінің санын арттыру басты бағыт болып қала бермек. 2021 жылғы сайлауда «Ауыл» ХДПП-ның 237 мүшесі партиялық тізім бойынша облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаты болып сайланды. Бұл науқанда партияның 600-ден астам өкілін түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттығына кандидат ретінде ұсынамыз,деді партия төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы