«Ауыл» партиясының өкілдері зауыт жұмысшыларымен кездесті

21 Желтоқсан 2020, 19:41
1440
Бөлісу:
«Ауыл» партиясының өкілдері зауыт жұмысшыларымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «Ауыл» демократиялық партиясының мүшелері «Астана электротехникалық зауыты» ЖШС-де (бұрынғы Целинсельмаш) болып, еңбек ұжымымен кездесті. 

Алдымен зауыт директоры А.Сыздықов партия мүшелерін зауыт жұмысымен таныстырды. Ол Қазақстан экономикасының барлық салалары үшін сапалы және қажетті электр техникалық жабдықтарды өндіру бойынша зауыт тұрақты жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.

«Ауыл» партиясының өкілдері зауыт жұмысшыларымен кездесті

Зауыт қызметкерлері алдында сөз алған Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясы жұмысшылардың заңды құқықтарына ерекше назар аударатынын жеткізді.

Осыдан кейін «ауылдықтар» ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары және Кәсіподақтар федерациясының республикалық бақылаушылар штабының жетекшісі Нұрлан Өтешевпен кездесіп, жұмысшылардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында «Ауыл» партиясының Республикалық қоғамдық штабының жетекшісі Төлеутай Рахымбеков Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы мемлекеттік билік органдарынан, жұмыс берушілерден және саяси партиялардан тәуелсіз бірнеше қоғамдық институттардың бірі болып табылатынын атап өтті. Отыз жылдан бері Федерация азаматтық қоғамның құқығын лайықты қорғап келеді.

Өзгелердің жаңалығы