«Ауыл – ел бесігі»: Павлодар облысында әлеуметтік мәселелер шешілуде

21 Тамыз 2022, 14:35
994
Бөлісу:
«Ауыл – ел бесігі»: Павлодар облысында әлеуметтік мәселелер шешілуде

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен Павлодар облысы Успенка ауданындағы әлеуметтік нысандар жөндеуден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Аудан орталығында 290 миллион теңгеге 9 көше жаңартылды. Жол жөндеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Ауылда бұрын болмаған жаяу жүргіншілер жолағы салынды. Әсіресе мектептердің маңайына тротуарлар төселді. Оны «Мектепке қауіпсіз жол» деп атапты. Сонымен қатар білім ошақтарының жанына бағдаршамдар орнатылды. Бұл бір жағынан балаларды жол жүру ережелеріне үйретеді.

Үш жылға жоспарланған «Ауыл –ел бесігі» бағдарламасы бойынша атқарылған іс көп. Успенка ауылындағы жолдардың жалпы ұзындығы 60 шақырымнан асады екен. Оның 38 шақырымына сапалы асфальт төселген.   

Біз зейнеткерлер ауыл өміріндегі жақсы жаңалықтарға қуанып отырамыз. Жолы жақсы елдің болашағы бар дер едім. Балабақшалар, ескі мәдениет үйлері, медициналық мекемелер жөндеуден өтіп жатыр. Қазір, міне, аудан орталығында тұрмыз. Осыдан бір апта бұрын ғана жаңа асфальт төселді. Ал №2 мектептің  жанында тротуар пайда болды. Бұл баланың да үлкеннің де қауіпсіз өмірі үшін жасалып жатқан жұмыстар. Велосипедпен жүруге де қолайлы, - деді зейнеткер Виталий Топтун.

Өзгелердің жаңалығы