Ауыл дәрігерлері неліктен қалалық әріптестеріне қарағанда аз жалақы алады?

16 Қазан 2020, 14:18
1692
Бөлісу:
Ауыл дәрігерлері неліктен қалалық әріптестеріне қарағанда аз жалақы алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-да «ҚР денсаулық сақтау жүйесін кадрлармен қамтамасыз ету» тақырыбында өткен онлайн брифингте ДСМ Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев айтты. 

Ауыл дәрігерлері мен қала дәрігерлерінің орташа айлық жалақысында айырмашылықтар бар ма? Олар теңдей жалақы ала ма деп тілші брифингке қатысушыларға сауал жолдады.

Дәрігерлер жалпы сетка бойынша айлық алады. Сондықтан ауылда жұмыс істейтін және қалада жұмыс істейтін дәрігерлердің айырмашылықтары жоқ. Дегенмен жұмыс істейтін ауруханалардың мүмкіншіліктері әр түрлі. Мысалы, қалалық дәрігерлер жұмыс істейтін аурухананың құралдармен жабдықталуы өте жақсы болса, ол дәрігерлер қосымша көмек көрсете алады. Осы қызметі үшін қосымша үстемақы алады. Сонымен қатар мұндай ауруханалардың қаржыландырылуы да жоғары болады. Ақылы қызмет көрсете алады. Сондықтан қаланың дәрігерлері алатын орташа жалақысына қосымша алатын ақшалары ауылдағыларға қарағанда көбірек болады, - деп жауап берді Қанат Төсекбаев.

Айта кетсек, мемлекеттік Денсаулық сақтау бағдарламасына сәйкес 2023-2025 жылдарға дейін дәрігерлердің жалақыларын көтеру жыл сайын жоспарланып отыр. Дәрігерлердің жалақысы 2017 жылы 98 мың теңге болса, бүгінгі таңда орташа айлық жалақылары 253 мың теңгеге дейін жетеді. Ал 2025 жылы дәрігерлердің орташа айлық жалақылары 550 мың теңгеге дейін жеткізу жоспарда бар.



Өзгелердің жаңалығы