Ауыл балаларына спорттық құрал-жабдықтар тарту етілді

7 Қараша 2022, 19:13
1930
Бөлісу:
Ауыл балаларына спорттық құрал-жабдықтар тарту етілді

Гиннес кітабының рекордшысы Сергей Цырульников жас ақмолалықтарға спорттық құрал-жабдықтар тарту етті, деп хабарлайды өңірдегі «BAQ.KZ»  тілшісі. 

Қазақстандық алып күш иесі «100 ауыл» әлеуметтік жобасын іске қосып, шалғай ауылдардың кішкентай тұрғындарын қажетті құралдармен қамтамасыз етеді.

Әлемнің төрт дүркін рекордшысы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің амбассадоры Сергей Цырульников Қазақстандағы балалар жылы аясында Ақмола облысындағы бес алыс ауылда болды.

Оның өзі бастамашылық еткен және іске қосқан «100 ауыл» бірегей әлеуметтік жобасының арқасында Целиноград ауданының Шалқар, Шортанды ауданының Новокубанка, Целиноград ауданының Рахымжан Қошқарбаев, Бұланды ауданының Айнакөл және Ерейментау ауданының Өлеңті сияқты ауылдарындағы спорт мектептері мен секциялары доп, бокс қолғаптары, арқан, теннис ракеткалары, коньки, шахмат, тоғызқұмалақ, спорттық киім және костюмдерге ие болды.

«Бұл жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына сәйкес іске қосылды. Менің идеямды Олимпиада, әлем чемпиондары, қоғамдық пікір көшбасшылары қолдағанын мақтан тұтамын. Мақсатымыз -100 қазақстандық ауылды спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және балалардың спортқа деген сүйіспеншілігін ояту. Баршамыз бірігіп жас қазақстандықтарға демеушілік көмек көрсетеміз», - деп атап өтті Сергей Цырульников.

Бүгінгі таңда 94 ауылдық мектеп спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету балалардың, жасөспірімдер мен ересектердің дене шынықтыру және спортпен шұғылдануы үшін толыққанды жағдай жасауға ықпал етеді. Оларды бұқаралық спортқа тартады, салауатты өмір салтын насихаттауға және жастар арасында жаман әдеттердің алдын алуға жол ашады.

Ауыл балаларына спорттық құрал-жабдықтар тарту етілді

Сергей Цырульниковтың айтуынша, «100 ауыл» жобасы ауыл жастарымен тәрбие жұмыстарын жүргізеді және шеберлік сабақтарын, ашық жаттығулар, мотивациялық кездесулер өткізуді қамтиды.

«Әріптестеріммен дұрыс жол таңдағанымызға сенімдімін. Балаларға осылай көңіл бөле отырып, біз азаматтық ұстанымды көрсетеміз, халықтың бұқаралық спортпен шұғылдануына өз үлесімізді қосамыз. Осы жобаны іске асыра отырып, біз Президенттің «Салауатты ұлт» Жолдауының маңызды бағыттарының бірін жүзеге асырамыз, балаларды спорттық формамен қамтамасыз етеміз. Шынында да, шағын қалалар мен ауылдарда әлемдік спорттың болашақ жұлдыздары өсіп келеді. Мұнда нағыз чемпиондарды дайындайды. Эстафетаны жас ұрпаққа жеткізіп, ұлы жеңістерге жетелейтін олимпиада алауын жас жүректерде тұтандырғымыз келеді. Біз Қазақстанда спорт пен патриотизмді ілгерілету мақсатында ауылдарға шықтық және табысқа жетеміз деп сенемін. Мен жастарымыздың дамып, тек алға ұмтылғанын қалаймын. Балалардың жүздері бал-бұл жанып, эмоциялары керемет, бұл бізді де шабыттандырады», - деп атап өтті Сергей Цырульников.

Алып күш иесі әр ауылда жас ақмолалықтар үшін шеберлік сабақтарын өткізді. Онда ол қазақтың атақты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовты үлгі тұтанынын айтып, спорттағы табыстарының құпияларымен бөлісті. 

«Шынымды айтсам, атақты чемпионмен кездесуді армандайтынмын. Сергей Цырульников – жерлесіміз, біздің ауданда тұрды. Бұрын оның ролистерін тек ғаламтордан қарайтынбыз. Жақыннан көру керемет! Кездесуден керемет шабыт алдым!» - деп лебізін білдірді Шортанды ауданы Новокубанка ауылының тұрғыны Максим Гончаренко.

Өзгелердің жаңалығы