Ауыл әйелдерінің IV республикалық форумы басталды

5 Қараша 2021, 10:25
914
Бөлісу:
Ауыл әйелдерінің IV республикалық форумы басталды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласында  «Ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігі - экономикалық тұрақтылық пен орнықты дамуға бастайтын жол»  атты Қазақстанның ауыл әйелдерінің IV республикалық форумы басталды.

Форумда Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-елдің өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын іске асыруға жәрдемдесу, онда ауыл тұрғындарын жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету, әйелдер мен жастар үшін отыз пайыздық квота туралы норманы енгізу, ауыл шаруашылығын технологиялық қайта жарақтандыруды ынталандыру құралдарын зерделеу мәселелері талқыланады.

Ауылдық аумақтардың инклюзивті, инновациялық және «жасыл» экономикасын дамытуға жәрдемдесу, жаңа өңірлік саясат пен жергілікті өзін-өзі басқаруды Ауыл әйелдерінің форумдары ауыл мен ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту, ауыл тұрғындарының өнімді жұмыспен қамтылуын арттыру, жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және ауыл шаруашылығын қолдау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету мәселелерін талқылау және шешуге арналған платформа саналады.

Ауыл әйелдерінің IV республикалық форумы басталды

Форумның ұйымдастыру комитетінің төрағасы Майра Айсинаның басшылығымен Парламент депутаттарының, ҚР Ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің басшылығының, халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Гендерлік теңдік контекстіндегі ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігі» пленарлық отырысы өтеді. 

Өз кәсіпорындарын ұйымдастыру арқылы ауылдың әлеуметтік мәселелерін шешкен әйелдердің қатысуымен панельдік сессия. Іс-шаралар қатарында  «Қазақстандағы гендерлік теңдік акселераторы» Дүниежүзілік экономикалық форумының бастамасына көшбасшылардың қосылу хаттамасына қол қою, әйелдер арасындағы үздік бизнес-идеяға арналған конкурстың 16 жеңімпазын марапаттау рәсімі және Салтанат Рақымбекова атындағы грант тапсыру, «Асқар шыңдарға ту тіккен ауыл әйелдері»/ «100 историй успеха» кітабының үшінші шығарылымының тұсаукесері өтеді.

Күннің екінші жартысында ауылдағы адам әлеуетін дамытудың өзекті тақырыптарына арналған бірнеше мазмұнды сараптама алаңдары өтеді. 

Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі мен жұмыспен қамту және ауылдағы әлеуметтік және гендерлік мәселелер бойынша жұмыс істейтін бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың қатысып жатыр. Ауыл әйелдерінің ТДМ-2030-ға қол жеткізу жолдары» тақырыбында тұрақты даму мақсаттарының бірқатар бағыттары бойынша жетістіктерге қол жеткізген әйелдердің қатысуымен семинар-тренинг өтті.


Өзгелердің жаңалығы