Ауыл әйелдерінің форумы өңірден басталды

1 Шілде 2021, 15:51
2025
Бөлісу:
Ауыл әйелдерінің форумы өңірден басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Солтүстік Қазақстан ауыл әйелдерінің форумы Ақмола, Қостанай және СҚО-ны қамтиды. Бүгін дәстүр бойынша ауыл әйелдерінің форумы бастау алды.

Биыл да тәртіпке сай форумдарды онлайн өткізуге мәжбүр болып отырмыз. 4 жыл қатарынан өтіп жатқан форумға сұраныс өте жоғары. 14 облыстың форумына еліміздің 163 ауданынан 2 мыңнан астам әйел қатысты. Ауыл әйелдерінің форумдары алаңында көтерілген мәселелер өте өзекті. Оған ауыл шаруашылығын жетілдіру, жұмыспен қамту, ауыл кооперативтерін дамыту жатады, - деді Қазақстан ауыл әйелдері форумының ұйымдастыру комитетінің төрағасы Майра Айсина.

Оның айтуынша, форумның орны уақыт көрсеткендей ерекше.

Барлық ауыл әйелін қамтып, олардың басын қосып, іріктеп жатыр. Қазақстанның түкпір-түкпірінде жанұяның қамын ғана ойлап қоймай, елдің дамуына үлес қосып жүрген азаматшалар баршылық, - деді ол.

Айта кетейік, аталмыш форум Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Халықаралық Coca-Cola қорының қолдауымен Қостанай облысының әкімдігі, «Жасыл экономика және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ, «Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағы» ЗТБ ұйымдастырды.

Өзгелердің жаңалығы