«Ауыл аманаты»: Жергілікті өнім көбейе ме?

10 Наурыз 2023, 14:50
1240
Бөлісу:
«Ауыл аманаты»: Жергілікті өнім көбейе ме?
Фото: Егемен Қазақстан

Биыл «Ауыл аманаты» жобасы бойынша аграршыларға 2,5%-бен несие беріледі. Өңірде бағдарламаның жүзеге асырылу барысы туралы облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қасым Иткусов айтып берді, деп хабарлайды Ақмола облысындағы BAQ.KZ тілшісі. 

Ол атап өткендей, аталмыш жоба ауыл тұрғындарының табысын арттыруды көздейді. 55-ке жуық ауылдық округ 5 мыңға жуығы жеке қосалқы шаруашылыққа ие. 

Бағдарламаны іске асыруға 1,2 млрд теңге бөлінді. Президенттің аумақтарды дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында әр ауылдық округ бойынша жүргізілген скрининг шеңберінде қосымша қажеттіліктерге тағы 600 млн теңге сұралды. Ол өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға кәсіпкерлікті іске асыруға, кірістерін арттыруға, жұмыс орындарын құруға және сәйкесінше өз өнімін өндіруді ұйымдастыруға жәрдемдесуі тиіс. Өткен жылы облыста ауыл тұрғындарын шағын несиемен қамту бағдарламасы іске қосылды. Берілген кредиттік қаражаттың негізгі үлесі мал шаруашылығын дамытуға бағытталған, – дейді Қасым Итқұсов.

Оның мәлімдеуінше, «Ауыл аманаты» жобасы 2,5% несие алуға мүмкіндік береді.

Шағын несиелеу ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің барлық дерлік бағыттарын қамтиды. Бұл – етті және сүтті мал, жылқы, қой, құс шаруашылықтарын дамыту, картоп пен көкөніс өсіру, – деп атап өтті облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары.

Жеңілдетілген несие алудың басымдығы кейіннен өндірілген өнімді қайта өңдеу кәсіпорындарына жеткізе отырып құрылатын ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қатысу болып табылатынын атап өткен жөн.

Микрокредиттеу бағдарламасының тиімділігін қамтамасыз ету үшін әр ауданда жұмыс топтары құрылды. Оның аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуетті қарыз алушылардың пулын анықтау және оларды сүйемелдеу қарастырылған. Аудандардың ерекшелігін ескере отырып, қызметтің негізгі бағыттары айқындалатын болады. Мәселен, Зеренді ауданында «Гормолзавод» және «Milk Project» ЖШС сияқты ірі сүт өңдеу кәсіпорындарының болуына байланысты сүт өнімдерін өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындарына сату бойынша қызмет жақсы жолға қойылған, – деп түсіндірді Қасым Итқұсов.

Оның айтуынша, облыста ет бағытын дамытудың да әлеуеті зор. 

Облыспен қатар ел аумағын сапалы өніммен қамтитын  «Жана-Береке» ЖШС, «Заречное» ЖШС, «Новокиенка» ЖШС, «Щучинск гормолзавод» ЖШС, «Агро Экспорт ЛТД» ЖШС, «Агропарк» ЖШС, «Ауыл бірлестігіне көмек» және «Биборд» ЖШС сияқты ірі кәсіпорындар жұмыс істеуде. Олар бордақылау контингентін кепілдендірілген сатып алуды қамтамасыз ете отырып, ауыл тұрғындары үшін зәкірлік кооперацияға қатыса алады, - деп атап өтті Қасым Итқұсов.

Сонымен қатар облыс көкөністерді сақтау үшін жеткілікті қуатқа ие. Сондықтан бағдарламаға қатысушылар көкөніс өнімдерін өндіру жобаларына да несие ала алады.

Несиелеу бағдарламасы елордалық азық-түлік нарығының жақындығына байланысты зор әлеуетке ие. Бұл ішкі нарықты отандық өнімдермен қамтуға, импортты қысқартуға, бағаны тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Жеңілдетілген несиелеу әрқашан тәуекелді қадам болып табылады. Бағдарламаны іске асыруға ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы, жоба әкімшісі ретінде жауаптымыз. Мониторингпен біздің басқарма да, жергілікті әкімдіктер де айналысатын болады. Ал несиелерді төлем мерзімінің кешіктірілуі, қайтарылмау мәселесіне келетін болсақ, бүгінде кәсіпкерлер тәртіпке бағынады. Соңғы бағдарламалар аясында адал қатысушылардың үлесі 94-95 % құрады, – дейді басқарма басшысының орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы