Аутист балаларды қоғамға бейімдеу ерекше төзімділікті талап етеді – қоғам белсендісі

7 Сәуір 2021, 17:33
3060
Бөлісу:
Аутист балаларды қоғамға бейімдеу ерекше төзімділікті талап етеді – қоғам белсендісі

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетаулықтар қоғам белсендісі, ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары қауымдастығының үйлестірушісі Раушан Тұранованы ерік-жігері мықты жан ретінде таниды.

Түрлі бастамаларды қолға алып, қоғамдық қызметпен айналысқанына қарамастан ол әрдайым ізденіс үстінде жүретін ол аутизм дертіне шалдыққан балалардың еңсесін тіктеп, өзгелер сияқты өмір сүрулеріне жағдай жасау жолында аянбай еңбек етіп келеді.

2016 жылы кенже ұлы аутизм дертіне шалдыққанда отбасының алдындағы жалғыз мақсат – баласының өмірі үшін күрес болғанын айтады ол.

Бастапқыда ештеңе байқалмағанымен, уақыт өте келе дәрігерлер ұлымның дамуында тежелу барын анықтады. Реанимация мен комадан кейін баланың жағдайы күрт нашарлай бастады. Вебер Штурге (Стержень) синдромы әлемде сирек кездесетін дерт. Мықты мамандардың көмегі, көп қаражат қажет болды. Отбасы қолдан келгеннің бәрін жасағанымен, жергілікті дәрігер шарасыз еді. Ауыр дерттен ұлымның денесінің оң жақ бөлігі жансызданып қалды. Әлеуметтік желі көмегімен мамандар іздедім. Олар аутист балалар тәрбиелеп отырған ата-аналармен тығыз байланыс орнатты, барынша қолдау көрсетті, - дейді Раушан Сәлімқызы.

Оның айтуынша, қиындыққа тап болған ата-аналар күн сайын балаларының өмірі үшін көрінбейтін майданда күресуге мәжбүр. Бұл энергия, уақыт және мол қаражатты қажет етеді.

Ольга Бачук, Анжелика Примак және Надежда Ушенина сияқты қоғам белсенділерінің бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналар қауымдастығы құрылды. Кейін өзім сол қауымдастыққа кіріп, аналар мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмектесе бастадым. Іскер әйелдер қауымдастығы, еріктілер тобымен бірге қайырымдылық жәрмеңкелерін ұйымдастырдық, - дейді қоғам белсендісі.

Жұбайы Евгений балаға қамқор болу – ерлік емес, ата-ананың тікелей міндеті деп санайды.

Өкінішке қарай, көптеген әке күш жинап, баласына қолдау көрсетіп, білікті мамандарға көмекке жүгінуден гөрі отбасынан теріс айналуды жөн көреді. Некеге тұрған 12 жыл ішінде үш баланы тәрбиелеп келеміз. Қиын сәттерде әрқашан бір-бірімізді қолдауға тырыстық. Алда да бақытты бала тәрбиеп, олардың бойына рухани және адамгершілік қасиеттерді сіңіргіміз келеді. Басымыздан өткен қиындықтар бізді аутист балалар тағдырына бей-жай қарамауға үйретті. Қандай жағдай болмасын ата-аналарға рухын түсірмей, алға жылжуға, дұрыс шешім іздеуге және әрине, өздері мен балаларына сенуге кеңес береміз, – дейді ол.

Жанашыр жандардың күш-жігері мен қолдауының арқасында ұлдары бүгінде өздігінен жүріп-тұра алады, сөйлеу қабілеті артқан. Аллан қазір ән айтады, билейді және екі тілде сөйлейді.

Аутист балаларды қоғамға бейімдеу ерекше төзімділікті талап етеді – қоғам белсендісі

Біз үшін бұл зор бақыт. Әрине, көп күш жұмсалды, баламен үздіксіз айналысып, оңалту курстарынан өттік. Ұлымызбен бірге еңбектеп, қабырға жағалап жүрдік, дыбыстарды айтуды үйреттік. Бастапқыда баламыз сөйлеген сөзімізді түсінбейтін. Балаға ата-анасынан басқа кімнің жаны ашиды. Дамуында ауытқуы бар балалармен үздіксіз жұмыс жүргізілуі тиіс. Бұл әрине, ерік-жігер, төзімділікті талап етеді, - дейді Раушан Тұранова.

Кездескен қиындықты еңсере жүріп кәсіпкерлік қызметін қайта бастаған ол бос уақытын кәсіби білімін жетілдіруге арнайтынын айтады.

Түрлі мәліметтер іздеп, дерттен емделу жолын зерттедім. Осылайша мен чакра ұғымымен таныстым. Чакролог Фариза Талимовадан кәсіби білім алдым. Сонымен қатар іскер әйелдер қауымдастығы жанындағы әйелдер көшбасшылығы мектебінде оқу курсынан өттім. Жеткен нәтижелерім, білімім жөнінде өзгелермен бөлісе бастадым. Адамдар қажет болған жағдайда энергия деңгейін көтермесе немесе эмоционалды тәжірибе аясында энергия орталықтарын бұғаттамаса, проблемалар туындауы мүмкін. Бұл денсаулық, қарым-қатынас, қаржы, жеке өсуге кері әсер етуі мүмкін, - дейді қоғам белсендісі.

Өзгелердің жаңалығы