Autism. Елордадағы «ерекше» балаларға арналған бірегей кабинет қалай жұмыс істейді?

21 Сәуір 2023, 12:29
1079
Бөлісу:
Autism. Елордадағы «ерекше» балаларға арналған бірегей кабинет қалай жұмыс істейді?
Фото: автордан

Елордада өтетін «Run for autism» қайырымдылық марафонына қатысушылар инклюзияны қолдау кабинетінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Autism. Елордадағы «ерекше» балаларға арналған бірегей кабинет қалай жұмыс істейді?

29 сәуірде Астанада өтетін «Run for autism» қайырымдылық жүгірісінің қатысушылары «Болашақ» корпоративтік қорының «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасының жұмысымен танысты. Осылайша, жобаға атсалысушылар №89 «Қыз Жібек» бөбекжайындағы инклюзияны қолдау кабинетінің жұмысымен танысты. 

Олардың қатарында атақты спортшылар, чемпиондар және «Болашақ» корпоративтік қорының серіктестері, ауыр атлетикадан екі дүркін әлем чемпионы Светлана Подобедова, ММА және джиу-джитсудан 5 дүркін әлем чемпионы Айдар Махметов, «SF» тағамдар желісінің және «NAK» құрылыс компаниясының өкілдері бар.

Autism. Елордадағы «ерекше» балаларға арналған бірегей кабинет қалай жұмыс істейді?

«Ерекше» балаларға арналған бұл кабинет – «Болашақ» қорының балабақшалардағы инклюзияны дамыту жөніндегі пилоттық жобасы. Айта кететін жайт, бүгінгі таңда мұндай жоба бүкіл республика бойынша екі балабақшада ғана бар.

Autism. Елордадағы «ерекше» балаларға арналған бірегей кабинет қалай жұмыс істейді?

Кабинетте 4 пен 6 жас аралығындағы аутизм және басқа да менталдық дамуында бұзушылықтары бар 5 балаға қолдау көрсетіледі. Кабинет мамандары балаларға сөйлеу, коммуникативтік және тұрмыстық дағдыларды дамытуға және жетілдіруге, құрдастарымен тіл табысуға көмектеседі. 

Autism. Елордадағы «ерекше» балаларға арналған бірегей кабинет қалай жұмыс істейді?

Кабинет командасы 8 адамнан тұрады: мұғалім, 5 тәрбиеші, дефектолог және логопед.

Autism. Елордадағы «ерекше» балаларға арналған бірегей кабинет қалай жұмыс істейді?

Осы кабинетте «ерекше» балалармен күн сайын екі сағат арнайы сабақ өткізіледі. Ал қалған уақытта олар басқа балалармен бірге топта болады. Бәрі бірге ойнайды, бірге тамақтанады, серуенге шығады. Бұл ең алдымен «ерекше» балаларды әлеуметтендіру үшін қажет. Бастапқыда балалар басқалармен араласа алмайтын. Қазір бізге келген уақыт ішінде әлеуметтену және білім алу дағдылары айтарлықтай жақсарды. Бағдарлама балабақшамызда үшінші жыл жұмыс істеп тұр. 4 түлегіміз бар, - деп атап өтті №89 «Қыз Жібек» балабақшасының меңгерушісі Сәуле Атақанова.

Autism. Елордадағы «ерекше» балаларға арналған бірегей кабинет қалай жұмыс істейді?

2015 жылдан бастап «Болашақ» қоры Қазақстанның 22 қаласында мектептер мен балабақшаларда инклюзияны қолдаудың 46 кабинетін ашқан. Аутизм және дамуында басқа да ерекшеліктері бар 700-ден астам бала мектепке баруға мүмкіндік алды.

Autism. Елордадағы «ерекше» балаларға арналған бірегей кабинет қалай жұмыс істейді?

Жұмыс барысында мінез-құлыққа қолданбалы талдау жасау әдісін қолданамыз. Бұл әдіс аутизм және дамуындағы басқа да ерекшеліктері бар балаларды оқытудағы дәлелденген тәсіл. Кабинетте әр баламен екі сағаттан жұмыс істейміз, - деді мінез-құлық талдаушысы, тьютер Күмісай Әлденова.

Autism. Елордадағы «ерекше» балаларға арналған бірегей кабинет қалай жұмыс істейді?

Ресми деректерге сәйкес Қазақстанда аутизм диагнозы қойылған 9 мыңға жуық бала бар. Оның ішінде 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2 256 бала елордада тұрады. Бейресми деректерге сәйкес (ДДСҰ деректері) әлемдегі әрбір 54-ші балада аутистикалық спектрдің бұзылуы бар. Өкінішке қарай жыл сайын бұл сан өсіп келеді.

Autism. Елордадағы «ерекше» балаларға арналған бірегей кабинет қалай жұмыс істейді?

2015 жылдан бері «Болашақ» қорының «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасында Астана қаласынан 130-дан астам бала білім алды. Жалпы «Болашақ» қоры елордадағы №8, 11, 37, 71, 85, 88, 89, 91, 92 мектептерде, сондай-ақ №34 және №89 балабақшаларда инклюзияны қолдау кабинеттерін ашып, жабдықтады.

Autism. Елордадағы «ерекше» балаларға арналған бірегей кабинет қалай жұмыс істейді?

Қайырымдылық жүгірісінен жиналған қаражат «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасы аясында аутизм және басқа да менталдық бұзылушылықтары бар балаларды қолдауға бағытталады.

Өзгелердің жаңалығы