Аустралияда бір қаланың барлық тұрғыны жер астында тұрады

26 Ақпан 2023, 18:46
3386
Бөлісу:
Аустралияда бір қаланың барлық тұрғыны жер астында тұрады
Фото: bigpicture.ru

2000-ға жуық адам жер астында өмір сүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ  Bugin.kz порталы сілтеме жасап.

Кубер-Педи аталатын қала жылтыс тастардың (опал) астанасы саналады. Бұл жерде әлемдік қордың шамамен 30% шоғырланған. Ал аймақтың Кубер-Педи атауы «жер астындағы ақ адам» деген мағына береді.

Ауа райының қолайсыздығы, яғни ыстық пен шаң кесірінен тұрғындар қазылған шахталарға қоныстана бастайды. Ішін сәндеп, түрлі жөндеу жұмысын жасау арқылы тұруға қолайлы етіп алады. Тіпті қаладағы инфрақұрылым да жақсы дамыған. Тек ауыз су тым қымбат.

Қалада жер асты шіркеу мен зират бар. Кубер-Педи бүгінде Аустралиядағы танымал туристік орындардың бірі.

Өзгелердің жаңалығы