Аустралия Украинаға жаңа әскери көмек пакетін жариялады

26 Маусым 2023, 10:45
813
Бөлісу:
Аустралия Украинаға жаңа әскери көмек пакетін жариялады
Фото: Flickr/Georgie Dee

Аустралия билігі Украинаға 110 миллион австралиялық доллар (шамамен 74 миллион доллар) көлеміндегі жаңа әскери көмек пакетін жариялады. Бұл туралы ел үкіметінің сайтындағы баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл пакетке: 70 жауынгерлік техника, оның ішінде: 28 M113 машинасы, 14 арнайы мақсаттағы техника, 28 MAN 40M орташа жүк көлігі және оның 14 тіркемесі кіреді, - деп жазылған хабарламада.

Аустралия да Киевке калибрлі 105 миллиметрлік артиллериялық снарядтар береді. Бұған қоса, ел Украина гуманитарлық қорын басқаратын Біріккен Ұлттар Ұйымының гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасына 10 миллион доллар қаржы құймақ.

Сонымен қатар, Аустралия үкіметі әуе күштерінің 41 F-18 Hornet жойғыш ұшағын Киевке беру мүмкіндігін талқылап жатқаны белгілі болды. 

Өзгелердің жаңалығы