Australian Open-2023: Отандық теннисшілер екінші айналымға өтті

19 Қаңтар 2023, 12:20
595
Бөлісу:
Australian Open-2023: Отандық теннисшілер екінші айналымға өтті

Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Қазақстандық теннисшілер бастапқы кездесуін аустралиялықтар Дейн Суини – Ли Тумен өткізді.

А.Недовесов пен А.Голубев 6:0, 6:2 есебімен оңай жеңді. Бір сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында олар 1 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды.

Қазақстандық жұптың екінші айналымдағы қарсыластары кейін анықталады.

Тағы бір қазақстандық Александр Бублик Мельбурнмен қош айтысты. Ол аустралиялық Джон-Патрик Смитпен бірге осы «Үлкен дулыға» турнирінің бірінші ракеткалары, нидерландылық Уэсли Колхоф – Нил Скупскиге жол берді – 1:6, 2:6.

Анна Данилина мен Александр Недовесов миксте бақ сынайды. Олар колумбиялық Хуан Себастьян Кабаль – франциялық Кристина Младеновичпен ойнайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия чемпионатында Елена Рыбакинаның үшінші айналымға шыққанын жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы