Australian Open-2023: Елена Рыбакина қарсыласына есе жіберіп алды

28 Қаңтар 2023, 17:16
979
Бөлісу:
Australian Open-2023: Елена Рыбакина қарсыласына есе жіберіп алды

Чемпиондық атақ сарапқа салынған Аустралия ашық біріншілігінің финалында қазақстандық Елена Рыбакина қарсыласына есе жіберіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпарат-ке сілтеме жасап.

Елена Рыбакина 35 минутта бірінші сетті 6:4 есебімен ұтты.

Арина Соболенко екінші сетте есепті теңестірді – 6:3.

Жеңімпаз үшінші шешуші сетте анықталды.

Қос теннисші де Аустралия ашық чемпионатының финалына алғаш рет шығып отыр.

Бұған дейін 23 жастағы Елена Рыбакина 2020 жылы үшінші айналымға дейін жеткен еді. Ал, одан бір жас үлкен Арина Соболенко төртінші айналымнан асып көрген емес.

Е. Рыбакинаның өткен жылы Уимблдон турнирінің чемпионы атанғаны белгілі. А. Соболенко 2021 жылы Уимблдон мен US Open, 2022 жылы US Open додасында жартылай финалға дейін жеткен. Бұл – оның «Үлкен дулыға» турниріндегі алғашқы финалы болмақ.

Қарсыластар өзара үш рет кездесіп, бәрінде де беларусьтік теннисші үш сетте басым түскен.

Өзгелердің жаңалығы