Әуре-сарсаңға түсіп жүр. Тоқаев Үкіметтің шетелдік көліктерді заңдастыруға қатысты жұмысын сынады

12 Желтоқсан 2022, 13:19
901
Бөлісу:
Әуре-сарсаңға түсіп жүр. Тоқаев Үкіметтің шетелдік көліктерді заңдастыруға қатысты жұмысын сынады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік көліктерді заңдастырудағы мәселелерге байланысты үкіметтің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тағы бір мәселе. Біз шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру туралы шешім қабылдадық. Алайда Үкімет ақпараттық жұмысты дұрыс жүргізген жоқ. Соның кесірінен, жұрт бұл науқан қалай жүргізілетінін білмей, әуре-сарсаңға түсіп жүр. Нақты қандай көліктерді заңдастыруға болатынынан да хабарсыз, - деді ол.

Тоқаев азаматтар ақпараттарды сенімді жерден алуы керегін айтты.

Мұндай маңызды мәліметтер азаматтарға қолжетімді болуға тиіс және оны сенімді ақпарат көздерінен алуы қажет. Елді алаңдатып, дүрбелең туғызбау үшін Үкімет мұның бәрін тұрақты түрде халыққа қарапайым тілмен түсіндіріп отыруы керек, - деп толықтырды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы