Әулиекөлде өрттен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталды

21 Қазан 2022, 08:40
921
Бөлісу:
Әулиекөлде өрттен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталды

Әулиекөлде орман өртінен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталды. BAQ.KZ бұл туралы мемлекеттік бақылау бөлімінің мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

91 тұрғын үй пайдалануға дайын. Олардың барлығына жарық, газ және су берілді. Тіпті интернет желісі де тартылды. Жаңа ауданға асфальт та төселген. Құрылысты 16 мердігер мекеме жүргізді, - делінген хабарламада.

Тағы бір айта кетерлігі, зардап шеккен барлық отбасы қоғамдық қорлардан материалдық және гуманитарлық көмек алды.

Өзгелердің жаңалығы