Алматыда 200-ге жуық жеке үй сүріледі: Қай көшелердегі үйлер бұзылады?

8 Қазан 2026, 10:31
АВТОР
 Көрнекі сурет: Астана әкімдігінен 8 Қазан 2026, 10:31
8 Қазан 2026, 10:31
159
Фото: Көрнекі сурет: Астана әкімдігінен

Алматыда реновация бағдарламасы аясында ескі көпқабатты тұрғын үйлермен қатар жеке үйлерді де бұзу жұмыстары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазір «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Алмалы ауданындағы үш кварталды қайта игеру үшін инвесторлар іздеп жатыр. Жоба аясында 196 жеке тұрғын үй сүріледі.

Бірінші тоқсанда Түркебаев – Шәкәрім – Тұрғыт Озал – Есенжанов көшелерінің аралығындағы аумақ қайта жаңартылады. Жер телімінің аумағы – 3,15 гектар. Бұл аймақта 57 жеке үй сүрілмек.

Екінші тоқсанда Есенжанов – Брусиловский – Кіші Абай – Прокофьев көшелерінің аралығындағы аумақ қамтылады.

Жер телімінің аумағы – 2,1 гектар. Бұл аймақта сүрілетін жеке үйлер саны – 36.

Үшінші тоқсанда Шәкәрім – Тілендиев – Есенжанов – Варламов көшелерінің аралығындағы аумақта құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

Жалпы 4,1 гектар жер телімінің аумағында 103 жеке үй сүріледі. 

Әзірге жаңа тұрғын үйлердің нақты саны мен қабаты туралы ақпарат жарияланған жоқ. Бұл көрсеткіштер кейін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына (ЕЖЖ) сәйкес анықталады.

Наверх