Қостанай облысының Әулиекөл ауданында былтыр өртенген орманның орнына отырғызылған қарағайлар сарғайып, тікендері түсіп жатыр. Себебі белгісіз, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қостанай облысының Әулиекөл ауданында былтыр өртенген орманның орнына отырғызылған қарағайлар сарғайып, тікендері түсіп жатыр. Себебі белгісіз, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еске сала кетсек, өртенген 31,5 гектар орманға 25 мың көшет отырғызылған еді. Орманшылар олардың кебуінің себебі неде екенін айта алмады.
Қазір «Республикалық орман селекциялық-тұқым өсіру орталығына» хат дайындап жатырмыз. Қарағайлардың қандай себеппен қурап жатқанын анықтау керек. Стандартты түрде көшеттерді түгендеу күзде іске асады, – деді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Рүстем Қаркенов.