Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 жолаушы бар ұшақ Алматыға сәтті қонды – СІМ

18 Тамыз 2021, 17:59
2900
Бөлісу:
Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 жолаушы бар ұшақ Алматыға сәтті қонды – СІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ауғанстан мәселесіне қатысты шұғыл өткізілген брифинг барысында хабарлады. 

Оның айтуынша, ұшақ жарты сағат бұрын Алматы әуежайына қонған. 
Алматы әуежайына Ауғанстаннан келіп қонған ұшақ ішінде 42 азамат болды. Оның 25-і Қазақстан азаматы, соның ішінде 10-ы  балалар. 14-і Қырғызстан азаматы. Сондай-ақ 1 Ресей, 1 Литваның азаматы бар. 14 қырғызстандық азаматтың арасында сол елдің дипломаттары да бар, - деп атап өтті СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айта кететін жайт, осы бортпен өз азаматтарын жеткізуге Қырғызстан тарапынан өтініш болған.
Өзгелердің жаңалығы