Ауғанстандағы су тасқыны 77 адамның өмірін қиды

Соңғы он күндегі нөсерден кейінгі тасқын мен көшкін салдарынан 77 адам қаза тауып, 137 адам жараланды, мыңдаған үй мен жол бүлінді.

 NBC Бүгiн 2026, 10:44
Бүгiн 2026, 10:44
152
Фото: NBC

Ауғанстан билігі соңғы он күнде толассыз жауған нөсер салдарынан су тасқыны мен көшкін жүріп, 77 адамның қаза тапқанын, тағы 137 адамның жараланғанын хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ NBC News-ке сілтеме жасап.

Табиғи апаттармен күрес басқармасының мәліметінше, тілсіз жау ауқымды шығын келтірген. 793 үй толық қирап, тағы 2673 баспана зақымданған. Сондай-ақ шамамен 337 шақырым жол жарамсыз күйге түскен. Кәсіпорындар, ауыл шаруашылығы алқаптары мен суару жүйелері де зардап шегіп, 5800-ден астам отбасыға әсер еткен.

Синоптиктер алдағы күндері ел аумағында жауын-шашын тағы жалғасатынын болжады. Осыған байланысты билік тұрғындарды өзен жағалауларынан және су басу қаупі жоғары аймақтардан аулақ болуға шақырды.

Су тасқыны мен көшкін ел астанасын өңірлермен жалғайтын негізгі автомагистральдарға да зиянын тигізген.

Ауғанстан әлемдегі ең кедей әрі экстремалды ауа райы құбылыстарына өте осал елдердің бірі болғандықтан, мұндай апаттар мұнда алғаш рет болып отырған жоқ. Бұған дейін де қалың қар мен кенеттен болған су тасқындары көптеген адамның өмірін қиған еді.

Наверх