Ауғанстанда жарылыстан 8 адам қаза тапты

Ауғанстанда жарылыстан 8 адам қаза тапты
371

Кабул қаласындағы жарылыс салдарынан сегіз адам қаза тауып, тағы 18 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы қалалық полицияның баспасөз хатшысы Халид Задран әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат. Халид Задранның айтуынша, жарылыс Кабулдың алтыншы полиция ауданында орын алған. Жарылғыш құрылғы қол арбасына орнатылған. Шабуылдың нысанасы - өтіп бара жатқан бейбіт адамдар. 

Сегіз адам қаза тауып, тағы 18 адам жарақат алды. Әзірге болған оқиға үшін жауапкершілікті ешкім өз мойнына алған жоқ. 

Соңғы уақытта Ауғанстанда мектептер, мешіттер және автобустарда бірнеше жарылыс болып, қаза тапқандар мен жараланғандар саны көбейген. Бұл қылмыс үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы өз мойнына алды.


Фото: ашық дереккөз