Ауғанстанда толассыз жауын салдарынан 78 адам көз жұмды

8 Мамыр 2021, 21:51
1119
Бөлісу:
Ауғанстанда толассыз жауын салдарынан 78 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауғанстанның бірнеше аймағында толассыз жауған жауын соңы су тасқынына ұласып, 78 адам құрбан болды. 30 тұрғын жарақат алған. Бұл туралы Хабар24 хабарлады.

Елдің Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған жергілікті телеарнаның хабарлауынша, кемінде 32 адам із-түссіз жоғалып кеткен. 

Билік тасқын салдарынан 307 үйдің қирап, тағы 2 мыңнан астамына зақым келгенін айтады. Тасқын су ауыл шаруашылығына арналған жүздеген гектар алқапты шайып кеткен. 


Өзгелердің жаңалығы