Ауғанстанның Пәкістанмен шектесетін аумағында магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметіне сәйкес, жерасты дүмпулері елдің солтүстік-шығысындағы Бадахшан провинциясындағы Джурм ауданынан оңтүстікке қарай 27 шақырым жерде тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы 198,8 шақырым тереңдікте орналасқан.
Сонымен қатар дүмпулер Пәкістанның Гилгит-Балтистан өңірінде және ел астанасы Исламабадта да сезілген.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.