Әуежайдағы жол апаты. Тергеу басталды

22 Қазан 2021, 10:45
3037
Бөлісу:
Әуежайдағы жол апаты. Тергеу басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әуежайында ұшақ пен көліктің соқтығысу оқиғасына қатысты тергеу басталды.

22 қазанда жоғарыда аталған факті бойынша ҚК 344-бабының 1-бөлігі (әуе көлігінің қозғалыс қауіпсіздігі және пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, - деді көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствода атап өткендей, өзге ақпарат ҚІЖК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы әуежайында көлік пен ұшақ соқтығысып қалғаны туралы хабарлаған болатынбыз.



Өзгелердің жаңалығы