Әуежайда жоғалған чемодандар сатылады деген хабарлама жалған

20 Қазан 2023, 15:07
415
Бөлісу:
Әуежайда жоғалған чемодандар сатылады деген хабарлама жалған
Фото: BAQ.KZ - архив

Әлеуметтік желілерде Алматы әуежайында көптен бері ешкім іздемеген чемодандар 470 теңгеден сатылады деген хабар тарады. Әуежайдың баспасөз қызметі бұл ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Facebook-тегі хабарламалардың бірінде Алматы әуежайында алты ай бұрын иелері іздемеген, ішінде заттары бар чемодандарды сатамыз деген ақпарат пайда болды. Жазылушыларға сілтемеге өтіп, ұнайтын өнімді таңдап алу ұсынылған. 

Алматы әуежайының баспасөз қызметі осыған орай жауап беріп, мұндай хабарландыруларға сенбеуге шақырды.

Алматы халықаралық әуежайы ешқандай аукцион өткізбейді! Егер сіз чемодандар сатылатыны жайлы жарнаманы көрсеңіз, олардың парақшасына шағымдануыңызды сұраймыз. Алаяқтардан сақ болыңыздар, – деп атап өтті баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Алматы әуежайының жаңа терминалы алғашқы жолаушыларды 2024 жылдың тамызында қабылдайтыны белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы