Әуесбаев халықтың түбіне жететін мәселе туралы айтты

1 Наурыз 2023, 21:42
916
Бөлісу:
Әуесбаев халықтың түбіне жететін мәселе туралы айтты
Фото: qazaqstan.tv

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Әуесбаев пікірсайыстың бірінші кезеңін қорытындылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әуесбаев бірінші кезекте тегін медициналық қызмет, жұмыспен қамту, зейнетақы, жалақыны көтеру сынды мәселелерді назарға алу керегін атап өтті.

Ол жемқорлықпен күресті басты назарға алу керек деп айтты.

Жылдар бойы жаттанды сөз айтқанымен оның шешу жолдарын көрсетіп, ол бойынша жұмыс жасалынбады, - деді партия өкілі.

Оның сөзінше, жемқорлық біздің түбімізіге жетіп, құртып барады. Сол себепті, онымен күресу жолын күшейту қажет.

Айта кетейік, Мәжіліс сайлауына қатысатын 7 саяси партия өкілдерінің арасында пікірсайыс өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы