Әуе шабуылына қарсы қорғанысы біріккен жүйесінің оқу-жаттығуы өтеді

5 Қыркүйек 2023, 04:22
600
Бөлісу:
Әуе шабуылына қарсы қорғанысы біріккен жүйесінің оқу-жаттығуы өтеді
Фото: gov.kz

«Сарышаған» полигонында ТМД-ға мүше мемлекеттердің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі біріккен әскерлерінің (күштерінің) жауынгерлік атысымен қоса өтетін «Жауынгерлік достастық-2023» оқу-жаттығуына дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл оқу-жаттығудың белсенді кезеңін Армения, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның қорғаныс ведомстволары мен ӘШҚҚ әскерлерінің өкілдері бақылайды.

Оқу-жаттығуға қазақстандық күштер мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарынан басқа Қырғызстан Қарулы күштері зениттік-зымырандық кешендерінің жауынгерлік есептоптары да қатысады. Олардың әскери контингенті Жамбыл және Қарағанды облыстары арқылы өтеді.

ТМД-ға мүше елдердің біріккен ӘШҚҚ жүйесі шеңберінде оқу-жаттығуға жұмылған елдердің сыртқы шекараларын күзету бойынша бірлескен жауынгерлік кезекшілік жүзеге асырылмақ.

Аталған шара 1995 жылғы 10 ақпандағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің біріккен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін құру туралы келісімге сәйкес ұйымдастырылып отыр. Қолданыстағы жоспар бойынша оқу-жаттығу екі жылда бір рет өткізіледі.

Өзгелердің жаңалығы