Аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу уақыты қысқарады

4 Наурыз 2019, 22:30
1299
Бөлісу:
Аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу уақыты қысқарады

Астана, BAQ.KZ. Ішкі мемлекеттік аудит комитеті хабарлағандай, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі қысқартылатын болады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Атап айтқанда, кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру – 5-тен 4 жұмыс күніне дейін, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру – 15-тен 4 жұмыс күніне дейін, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру – 20-дан 5 жұмыс күніне дейін, бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру –20 жұмыс күннен 5 жұмыс күнге дейін қысқарады" - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы