Аудан әкімдері көпбалалы аналармен кездесулер өткізді

3 Сәуір 2023, 15:48
897
Бөлісу:
Аудан әкімдері  көпбалалы аналармен кездесулер өткізді

Алматы қаласының әкімі бекіткен кестеге сәйкес, 2023 жылдың наурыз айында аудан әкімдері көпбалалы аналармен 8 кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуге барлығы 114 көпбалалы отбасы келіп, әкімдерге 129 сұрақ жолданды. Оның 80-і бойынша түсініктемелер берілді, кездесулерден кейін 18 мәселе пысықталды, тағы 31-і қаралу үстінде.

Негізгі мәселелер:

* тұрғын үй алу (кезекке қою) – 24;

* білім (балаларды мектептер мен балабақшаларға орналастыру, мектеп формасы, Аrt sport бағдарламасы.sport) – 14 ;

* Денсаулық сақтау – 10;

* әлеуметтік жәрдемақылар (АӘК, азық-түлік жинақтары) – 18;

* ТКШ және абаттандыру (газды қосу, сумен жабдықтау және су бұру) – 14;

* жұмысқа орналасу және бизнес гранттары – 4;

* Көлік – 4;

* басқалары – 41.

Қала әкімдігі аудан әкімдерінің көпбалалы аналармен 2023 жылғы сәуірге арналған кездесулерінің тиісті кестесін бекітті.

Еске салсақ, бұған дейін аудан тұрғындарымен кездесулер барысында көптеген өтініштерге байланысты Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан әкімдерінің көпбалалы аналармен ай сайынғы кездесулерін ұйымдастыруды тапсырған болатын.

Өзгелердің жаңалығы