Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды

23 Қаңтар 2019, 08:35
2820
Бөлісу:
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары сәрсенбі күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.

"2019 жылғы 23 қаңтарда түнде Астана қаласында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, сондай-ақ Қарағанды, Теміртау, Балқаш қалаларында ҚМЖ сақталады", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.2019 жылғы 23 қаңтарда түнде Астана қаласында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, сондай-ақ Қарағанды, Теміртау, Балқаш қалаларында ҚМЖ сақталады.
Өзгелердің жаңалығы